Метеорологиялық болжам: Астана мен 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

20 Қаңтар 2024, 07:57
546
Бөлісу:
Метеорологиялық болжам: Астана мен 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 20 қаңтар күні Астана, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент қалаларында және түнде Петропавл қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің өзге шаһарларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы