Метеорологиялық болжам. 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 архив 16 Қаңтар 2024 2024, 08:15
16 Қаңтар 2024 2024, 08:15
915
Фото: архив

Бүгін республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, Астана, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Павлодар қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх