Метеорология: Ақтөбеде ғана ауа сапасы нашарлауы мүмкін

31 Шілде 2022, 08:58
1146
Бөлісу:
Метеорология: Ақтөбеде ғана ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 шілдеде Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорынның мәліметінше, еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе қаласында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай көрініс табуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 

Өзгелердің жаңалығы