Мерзімді басылымдарды жоғалтып жатырмыз – вице-министр

28 Наурыз 2024, 12:36
945
Бөлісу:
Мерзімді басылымдарды жоғалтып жатырмыз – вице-министр
Фото: скрин

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде баспа басылымдарын мемлекеттік қолдау» заң жобасы талқылануда.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов дөңгелек үстел барысында мерзімді басылымдардың бүгінгі жағдайына тоқталды. Оның сөзінше, мерзімді басылымдарды жоғалтып жатырмыз.

1991 жылы ресми тіркелген БАҚ саны – 350 еді. Қазір 4 мыңға жуығы тіркелген. Соның 70%-ы баспа басылымдары. Көбісінің саны бар, бірақ мерзімінде шығып отырған жоқ, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ ол жаңа заң жобасының негізінде газетке жазылушылардың санын көбейту үшін жұмыс жасау керектігін айтады.

Заң жобасындағы басты стратегиялық мәселелерге тоқталсам. Ең бастысы журналистің мәртебесі. Депутаттардың бастамасымен сотқа беру жылы 1 жылға дейін қысқартылды. Екіншіден журналистерді қорғау мәселесі. Төтенше жағдай орын алғанда тиісті құралдармен жабдықтау. Үшіншіден – ақпараттық қауіпсіздік деген секілді өзгерістер енгізілген. Біз жұмысты жалғастырып жатырмыз, - деп атап өтті вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы