Меркілік азаматтан 8 келі марихуана табылды

6 Тамыз 2022, 07:17
868
Бөлісу:
Меркілік азаматтан 8 келі марихуана табылды

Жамбыл облысының тұрғынынан 8 келі марихуана табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақпен бірлесіп, «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген болатын. 

Шара барысында Шу ауданының аумағындағы құмға жақын маңда орын тепкен Тасөткел ауылынан 5 шақырым қашықтықтан Меркі ауылының тұрғынын ұстады. 

35 жастағы азаматты тінту кезінде 8 келі 190 гр марихуана «канабис өсімдігі» есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ тиісті сараптамалық қорытынды тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Д.Қойтөриев. 

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Өзгелердің жаңалығы