Мерейтой болса, классик болып кеткен ағаларымыздың кітабы шығады - Аймағамбетов

19 Желтоқсан 2023, 16:17
696
Бөлісу:
Мерейтой болса, классик болып кеткен ағаларымыздың кітабы шығады - Аймағамбетов
Фото: Асхат Аймағамбетов Телеграм каналы

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов комитет отырысында кітапханаларды цифрландыру жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әртүрлі мерейтойларға бағытталған 20-40 томдық кітап шығарылды. Оны ешкім баяғыдан оқымайды. Барлығы кітапханаларда бар. Мерейтойға деп соны тағы жинақтап, тағы да 20 том қылып мұқабасын әдемілеп шығарамыз. Өкінішке қарай, ақша сонда кетеді. Бұл мәселені де біз жасырмай айтуымыз керек. Бұл бойынша бізге жаңа тәртіп керек. Мерейтой, мереке болса, классик болып кеткен ағаларымыздың жұмысы шығады. Ал жастарды қолдау тыс қалып жатады. Қазіргі уақытта Қытай ғылыми-фантастикаға қолдау жасайды. Бізде ондай жұмыс бар ма, жоқ па? - деді Аймағамбетов.

Депутат кітапханалардың цифрландыру жұмысы жайлы айтты.

Ауданда жұмыс істеген кезімде әр кітапхана сканерді ашып, кітапты PDF-ке айналдырады. Қазақстанда неше кітапхана бар, солардың барлығы керек емес жұмысты жасайды. Бір кітапты 150 кітапхана PDF-ке аударады. Ол цифрландыруға жатпайды. Біз қазір жаңа элекронды форматтарға көшуіміз керек, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы