Мерекелік кешті қандай ғимараттарда өткізуге болмайды

21 Желтоқсан 2023, 21:12
504
Бөлісу:
Мерекелік кешті қандай ғимараттарда өткізуге болмайды
Фото: Арман Мухатов - архив

Статистикаға сүйенсек, дәл жаңа жылдық кезеңде өрт шығу деректері күрт көбейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Егер күніне орта есеппен 20-30 өрт болса, жаңа жылдық мерекелерде олардың саны екі есеге артады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, өткен жылы 31 желтоқсанда 40 өрт болып, 4 адам қаза тапты. 1 қаңтарда 42 өрт дерегі тіркеліп, 3 адам көз жұмды. Жаппай мереке өткізу мен алкогольді ішімдіктерді ішу салдарынан өрттің күрт өсуі туындайды.

Жаңа жылда өртке жол бермеу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады.

Біріншіден, ұйымдардың басшылары жаппай мерекелерді өткізу кезінде мынадай қағидаттарды ескеруі керек: кемінде екі эвакуациялық шығу жолымен қамтамасыз етілген және адамдардың нормативтік саны бар үй-жайларды ғана пайдалануға рұқсат етіледі, соқыр металл торлармен жабдықталған және жанғыш конструкциялардан жасалған шатыры бар ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайларды пайдалануға болмайды, шыршаларды жанғыш заттардан жасалған ғимараттарда тұрақты негізде және бұтақтары қабырғалар мен төбеге тиіп кетпейтіндей етіп орнатқан жөн. Бөлмеден шығу жолдары бос болу керек. Жарықтандыруға да ерекше назар аудару керек, – деді полковник.

Ол электр қондырғыларының техникалық нормаларын сақталмауы, көбіне, қиындық туғызатынын атап өтті.

Сондықтан, егер жарықтандыруда ақаулық анықталса (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын), оны дереу өшіру керек. Іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдар сахнада және залда кезекшілік ұйымдастыру қажет. Олар өрт кезіндегі іс-қимыл қағидаларын және адамдарды эвакуациялау тәртібін білуге тиіс.

Өзгелердің жаңалығы