Алматы қаласының полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын концерттерге билетті ресми сайттардан сатып алуға шақырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтықпен айналысып, тұрғындарға жалған билет сататындар бар.
Мәдени іс-шаралардың билеттерін сатуға байланысты заңсыз айла-шарғының алдын алу мақсатында, тұрғындардан билетті сатып аларда ұқыптылық танытуды сұраймыз. Билетті ресми сайттардан алуға шақырамыз. Сондай-ақ мерекелік іс-шара барысында жеке мүлікке сақ болу қажет екенін атап өткіміз келеді, – дейді Алматы қаласының полиция департаментінде.