Мерекелік дастарханға қандай тағамдар қоямыз?

27 Желтоқсан 2023, 12:16
1244
Бөлісу:
Мерекелік дастарханға қандай тағамдар қоямыз?
Фото: автордан

Мерекелік кеште қандай тағам әзірлесем екен деп ойланып жүрген боларсыз. Тәжірибелі аспаз Салтанат Бердахановадан мерекелік дастарханға қандай тағамдар дайындау керектігін сұрап көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Салтанат ханым, жаңа жылда дастарханға қандай тағамдар қойған дұрыс?

Әрине жаңа жылда дастарқанға мерекенің символы болып кеткен «Оливье» салатымыз бен дәстүрлі қызылшадан тағы бір салат жасасақ болады. Ең бастысы жасыл шөптермен безендірілу жұмыстарын жасаған дұрыс. Сондай-ақ кей отбасылар бешбармақты ыстық тамаққа берсе, мен үйректі пешке пісіріп, әрлеп дастарханға ұсынуды ұсынамын. Міндетті түрде молшылықтың белгісі - нанды қойыңыз. Қосымша жемістерімізді турап қойып, тәттілерді қоссаңыз жеткілікті деп ойлаймын. 

Мерекелік дастарханға қандай тағамдар қоямыз?
namenu.ru

 Дастарханымыз сәнді көріну үшін не істеу керек?

Негізі дастарханды сәндегенде үйдің дизайнына мән беру керек. Бөлмедегі пердемен дастархандағы 1-2 элемент түстері сәйкес болғаны дұрыс. Қазір сәнде ерекше раннерлер мен салфеткалар бар. Солардың түстерін сәйкестеп, қойсаңыздар болады. Жаңа жыл отбасылық мереке болған соң, тағамдарды үлкендеу ыдыстарға салып, бір жерден қойсаңызда жеткілікті. Ондай тағамдар мол болып, сән беріп тұрады. Және қазіргі сәндегі балауыздарды қоссаңыздар болады.

Мерекелік дастарханға қандай тағамдар қоямыз?
artofit.org

 Ал қандай ыдыстар сәнде?

Кез келген ыдыс сәнде. Тек оған не қоюды, қалай сәндеуді білсеңіз, бәрі жарасымды болып тұрады. Мысалы, айнаға етті ассортиды қоюға болады. Ал ағаш ыдыстарға ыстық тағамдарды қоюға кеңес беремін. Біріншіден, суымай, ыстығын біраз сақтап тұрады. Екіншіден, тамағымыз анық, әдемі көрінеді.

Қазір қандай тағам түрлері сұранысқа ие?

Бұрын ет қуырып (стейк) жасалған тағамдарды көп әзірлейтінбіз. Қазір қазақтың ежелгі тағамдарын көп сұрап жатады. Солардың ішінде - Сірне, Бүрмеқарынды айта аламын. Одан бөлек тауық етінен шұжықтар, әсіп жасап ұсынып жатырмыз.

 Уақыт бөліп, сауалдарымызға жауап бергеніңізге рақмет. 

Мерекелік дастарханға қандай тағамдар қоямыз?
Мерекелік дастарханға қандай тағамдар қоямыз?
автордан

 

Өзгелердің жаңалығы