Ақмола облысында 100-ге жуық отбасы баспаналы болды

3 Шілде 2021, 23:23
1230
Бөлісу:
Ақмола облысында 100-ге жуық отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәтерлер Көкшетау қаласы мен Зеренді және Есіл аудандарында берілді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Облыс орталығының іргесіндегі Заречное ауылына апаратын жаңа көпір іске қосылып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында жергілікті халықтың көптен күткен арманы орындалды.

Көкшетаудағы «Сарыарқа» мөлтек ауданынан бой көтерген бұл үй 30 пәтерлі. Баспаналар кезекте тұрған көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен бюджеттік қызметкерлерге берілді. Ал, пәтер кілтін облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың өзі тапсырды. Баспаналы болғандардың қуанышында шек жоқ.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгін міне, біз пәтер кілтіне ие болдық. Өте қуаныштымыз. Отбасым, міне, ұлым, күйеуім. Үш бөлмелі пәтер. Осындай игі істер өз жалғасын таба берсін, – дейді  Көкшетау қаласының тұрғыны Ақерке Бірімжанова.

Жалпы соңғы 4 жылда аймақта 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, 17 мың отбасы баспаналы болған. Ал үйлердің көбі облыс орталығынан бой көтеруде. 

Көкшетау қаласында 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. арендалық тұрғын үйдің және 5 кредиттік тұрғын үйдің барлығы, 17 тұрғын үй биыл тапсыру жоспарланып отыр осындай көп пәтерлі тұрғын үй, – дейді  Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі Шарап Сәдуақасов.

Мереке қарсаңында Заречное мен Елікті ауылдары тұрғындарының көптен күткен арманы орындалып, Шағалалы өзеніндегі жаңа көпір іске қосылды. Бұған дейін аталған елді мекендердің 1 мыңға жуық халқы ауданға Көкшетау арқылы айналып баратын. Енді ол күннің бәрі артта қалды. 

Елорда күніне орай аймақта әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар ғана емес, өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары да іске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы