Көктемгі мереке күндері 7-9 және 17-26 наурыз аралығында "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен 860 мыңнан астам жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы " Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сондай-ақ мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Шымкент-Ақтөбе және Павлодар-Астана қатынасындағы пойыздар сұранысқа ие болды. Жолаушылар 7, 9, 21 және 23 наурыз күндері аралығында жиі пойызға отырған.
Мереке күндері тасымалдауға деген сұраныстың жоғарлауына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша 3 пойыз және вагондар тіркеу есебінен жолаушыларға 30 мыңнан астам орын ұсынды. Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттарға электрпойыздарының 4 рейсі қосылып, пойыздардың құрамы ұлғайтылды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жыл сайын ұлттық тасымалдаушының пойыздарында 13 млн-нан астам жолаушы жүреді.