Мереке күндері Орталық касса жұмыс істемейді

4 Мамыр 2024, 19:05
258
Бөлісу:
Мереке күндері Орталық касса жұмыс істемейді
Фото: facebook.com

"City Transportation Systems" ЖШС елордадағы Орталық кассаның алдағы мереке күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы мереке күндері 7, 8, 9 мамырда Орталық касса жұмыс істемейді.

6, 10, 11 мамырда касса жұмыс істейді. Кассаға баруды жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз. Жұмыс уақыты: 09:00-ден 17:45-ке дейін, үзіліс жоқ. Жексенбі – демалыс, - делінген хабарламада.

Орталық кассаның мекенжайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1.

Өзгелердің жаңалығы