Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы үш күнде елордада өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.
Синоптиктердің болжауынша, 9 мамырда күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік бағыттан 1-6 м/с, ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +29...+31°С.
«10 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +28...+30°С», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Сондай-ақ, 11 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +26...+28°С болады.