Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген қала әкімдігінің онлайн брифингі барысында хабарлады. Олардың екеуі кәмелетке толмаған балалар көрінеді.
Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, суға шомылу маусымы басталғалы бері 7 адам суға батқан.
Өкінішке қарай, мереке күндері Нұр-Сұлтан қаласында қайғылы оқиғалар болды. 4 адамның қайтыс болу дерегі тіркелді. Оның ішінде, екеуі Нұра-Есіл арнасындағы жабдықталмаған жерде суға шомылған балалар. Балалардың су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ересектердің қарауынсыз рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеуге шақырамыз, - деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген.Сондай-ақ ол балаларды қараусыз қалдырудың соңы көбінесе осындай қайғылы жағдайлармен аяқталатынын алға тартты.
Сонымен қатар шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған учаскелерге түсу, ішімдік ішу, өз күшін артық бағалаудың соңы да өкінішпен аяқталатын көрінеді.