Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мереке күндері Астана LRT орталық кассасы жұмыс істемейді

20 Наурыз 2019, 15:41
2723
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Орталық кассаның мереке күндері жұмыс кестесінің өзгергені туралы компания басшылығы әлеуметтік желіде жазды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Сіздерге ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ сіздердің өтініштеріңіз бойынша, Қошқарбаев к-сі 50/1-де орналасқан орталық кассаның мереке күндері жұмыс кестесі өзгереді. 21 наурыз күні орталық касса 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. 22, 23, 24 және 25 наурызда орталық касса жұмыс істемейді», – делінген «Астана LRT» компаниясының баспасөз хабарламасында. 

Қалған мамандандырылған кассалар әдеттегі кестесіне сәйкес жұмыс істейді.  


Өзгелердің жаңалығы