Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мердігер ұйымдарға енді алдын ала төлем берілмейді – Алматы әкімі

Бүгiн, 16:11
226
Бөлісу:
 ОКҚ
Фото: ОКҚ

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, қаланың проблемалық нысандарын тексеру кезінде конкурсқа қатысатын көптеген мердігерлік ұйымдар алдын ала төлем алып, жұмыстарды 100% қосалқы мердігерлікке беретіні анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көп жағдайда олар басқа өңірлерде орналасқан, Алматыға келмейді. Олар рейтингтік-баллдық жүйе арқылы өтетін конкурстардың бәрінде 30% алдын ала төлем жасалатынын біледі. Осындай жосықсыз мердігерлер бар, олар алдын ала төлем алу үшін ғана келеді. Оны түгел алады да жұмысты 100% қосалқы мердігерге тапсырады,-дейді ол.

Әкімнің айтуынша, олар құрылтайшыны іздеп, шақырғанда оның мүлдем басқа қалада екені анықталады.

Жұмыс өте қиын. Бұған жол бермеу үшін мен алдымен жұмыс орындалсын, содан кейін ғана төлем жасаймыз деп шештім. Алдын ала төлемсіз, - деді әкім ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында журналистің сұрағына жауап бере отырып.

Өзгелердің жаңалығы