Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төрт дүркін әлем чемпионы және Рио-2016 олипиадасының жеңімпазы кубалық Хулио Сесар Ла Круз OnCubaNews.com-ға берген сұхбатында әлем чемпионатында отандасымыз Бекзат Нұрдәулетовтен жеңілгенімен келіспейтінін айтты. Бұл туралы Vesti.kz. сайты жазды.
Оқи отырыңыз:
81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов кубалықты судьялардың шешімімен жеңген болатын. Екінші раундта ол Ла Крузды нокдаунға жіберген еді.
«Бұл әділетсіз шешім. Мен бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен едім. Менен әлем чемпионатының 5-ші алтынын тартып алды. Мен бапкерімнің барлық айтқанын істедім. Жеңілген жоқпын. Өте өкінішті. Өкінішке қарай спортта жеңіліс те болады. Қарсыласым жас, деңгейі де жақсы, оның потенциалы жоғары», - деді Ла Круз.
Сонымен қатар, финалда өзбекстандық Ділшодбек Рузметовпен кездескен Бекзат қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.