«Balapan» телеарнасы Республика күніне орай «Менің туым» көркемсурет байқауын жариялайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Балалар жылы аясында ұйымдастырылған байқау шарттары:
– Байқауға 5-10 жастағы балалардың жұмыстары қабылданады; – Қатысушы суретті өз қолымен салуы тиіс; – Сурет салып жатқан сәті мен суретінің мазмұны туралы видео түсіріп жіберуі керек (ұзақтығы 30-40 сек.); – Суреттің электронды нұсқасы baiqau@balapan.tv почтасына жолданады; – Суреттің түпнұсқасын «Balapan» телеарнасының мекенжайына жолдау керек (Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көшесі 4); – Қатысушы суреттің келесі бетіне өзі туралы толық ақпаратты жазуы тиіс (аты-жөні, жасы, мектебі, мекенжайы, ата-анасының телефон нөмірі)
Байқау жеңімпазы 25 қазан – Республика күні қарсаңында анықталып, арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқау суреттері 2022 жылдың 23 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында қабылданады.
Қосымша ақпарат үшін 87172 75-70-79 нөміріне хабарласуға болады.