"Мені ауыстыра алмайды". Зеленский Трампқа бірден жауап қайтарды

19 Ақпан 2025, 16:51
2042
Бөлісу:
"Мені ауыстыра алмайды". Зеленский Трампқа бірден жауап қайтарды
Фото: Insta: zelenskyy_official

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің халық арасындағы қолдау рейтингі 4% ғана екенін мәлімдеді. Ол бұл пікірін 18 ақпанда Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында айтты. Трамптың сөзінше, Украинада ұзақ уақыттан бері сайлау өткізілмеген, ал елдің қазіргі басшысы өте төмен қолдауға ие. Сондықтан ол Украинада президенттік сайлау өткізуді ұсынды.

Ал Зеленкийдің айтуынша, Трамп Ресей таратқан дезинформацияның құрбанына айналған.

Киев халықаралық әлеуметтану институты жүргізген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, маған деген сенім рейтингі – 57%. Егер біреу мені дәл қазір ауыстырғысы келсе, бұл мүмкін емес… Біз 4% туралы жалған ақпаратты көрдік, оның Ресейден тарап жатқанын түсінеміз және бұған дәлелдеріміз бар, - дейді Зеленский.

Сондай-ақ, Украина президенті өзінің және басқа көшбасшылардың сенім рейтингі туралы сауалнама нәтижелерін жариялайтынын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленскийдің Сауд Арабиясына сапары кейінге шегерілгендігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы