"Мен заңсыз сотталдым". Байжанов үкіммен келіспейтінін айтты

26 Маусым 2024, 16:21
1151
Бөлісу:
"Мен заңсыз сотталдым". Байжанов үкіммен келіспейтінін айтты
VIDEO
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Апелляциялық сотта Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты. Оның айтуынша, сот үкімін жойып, процесті қайта қарауы керек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Судья сот процесінде Байжановқа "Сіз не нәрсемен келіспейсіз? Қандай құқық бұзушылыққа жол берілді?" деп сұрақ қойды.

Құрметті сот! Үкіммен мүлдем келіспеймін. Мен заңсыз сотталып отырмын, - деді ол. 

Байжанов соттың әділ шешім қабылдайтынына сенетінін айтты. 

Менің ісімнің мән-жайын мұқият қарап шығуыңызды сұраймын. Әділдіктің үстем болуы және әрбір адам қандай жағдайда болмасын сотта әділ және тең қарым-қатынасқа сене алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауыңызды сұраймын. Менің үмітім мен отбасымның болашағы енді сіздердің қолдарыңызда тұр. Әділдікке деген сенімімді қалпына келтіруге қол ұшын беріңіздер, себебі  қылмыс жасаған мен емес. Менің кінәм дәлелденген жоқ. Үкімнің толық күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуіңізді сұраймын, — деді Байжанов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана қаласында Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Сот отырысы барысында экс-министрдің адвокаты "Қатыгездікпен өлтірді" дегенді алып тастау қажет екенін алға тартты.

Сондай-ақ ол Бишімбаевтың сотында 20 шақты заңбұзушылыққа жол берілгенін айтты.

Бұдан бөлек сотта Бишімбаевқа сөз берілді. Ол сот шешімі алдын ала шығарылып қойған деп есептейді.

Өзгелердің жаңалығы