Спорт – дамыған елдерде мейлінше көп көңіл бөлінетін маңызды сала.
Сондықтан да үнемі насихатталады, қажетті жағдайлар жасалады. Кейінгі жылдары елімізде салауатты өмір салты сәнге айнала бастағандай. Соған сәйкес спорттық құрылымдарға деген сұраныстың да артқаны байқалады. Бұл ретте Астана сияқты ірі мегаполистерде үлкен-үлкен спорт кешендерінің болуы орынды.
"Мен таңдаған мамандық" жобасының осы саны спорт кешендерінің қызметкерлеріне арналады.
Бұған дейін "Мен таңдаған мамандық" жобасында әуежай қызметкері мамандығы туралы айтқан болатынбыз.