Мен Қазақстан азаматымын - Елена Рыбакина

12 Шілде 2022, 16:10
1738
Бөлісу:
Мен Қазақстан азаматымын - Елена Рыбакина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мен Қазақстан азаматымын.Елордада өткен баспасөз мәслихатында Елена Рыбакина осылай деп мәлімдеді.

Әрине, мен Қазақстан азаматымын. Бәріне жауап  бергенімдей, өкінішке қарай, бұл өте қиын жұмыс. Соңғы екі жыл бойы еш жерде тұрмадым.  Апта сайын қонақүйден қонақүйге көшемін. Әркез жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына барам, бірақ менде қазір үй жоқ, - деп түсіндірді Елена Рыбакина

Ол Қазақстанды қалай таңдау жасағанын айтты.

Бұдан бес жыл бұрын өзіме деген өткір сұрақ туындады. Әрі қарай не істеу керек? Ол кезде жасым 17-18 жаста еді. Маңызды шешім қабылдау керек болды. Не кәсіби спортта қалуға тырысамын не оқу мәселесін көшемін деген. Жасөспірімдер арасындағы турнирлер мен гранд-слемдерде жақсы өнер көрсетіп, үшінші курсты  сәтті аяқтағанымның арқасында  маған Америкада оқуға ұсыныс жасалды. Өте жақсы университеттер мен көптеген жасөспірімдер осы жолды таңдайды. Осылайша, мен бірінші турнирімді жақсы өткіздім. Қазақстаннан ұсыныс түсті. Меніңше, бұл уақытта менің жолым болып, ұсыныс дәл уақытында жасалды. Біз бір-бірімізді тауып, соңында менің саяхатым Қазақстанмен жалғасып жатқанына өте қуаныштымын. Бүкіл тарих ортақ күшпен Қазақстанның арқасында келді, - деді еліміздің бірінші теннисшісі Елена Рыбакина. 

Өзгелердің жаңалығы