Мен өмірге ғашықпын - соғыс ардагері Валентина Волкодав

9 Мамыр 2023, 14:03
1384
Бөлісу:
Мен өмірге ғашықпын - соғыс ардагері Валентина Волкодав
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Солтүстікқазақстандық соғыс ардагері Валентина Волкодав бүгін 78-ші Жеңіс күні мерекесін қарсы алды. 101 жастағы кейуана 2 баладан 4 немере, 3 шөбере сүйіп отыр. Әжей ұзақ өмір сүрудің сырымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Валентина Архиповна Волкодав 1941 жылдың шілдесінде небәрі 19 жасында майданға аттанған. Биыл көктемде соғыс ардагері 101 жасқа толғанын атап өтті.

Мен өмірге ғашықпын - соғыс ардагері Валентина Волкодав

Соғыста 4 жыл болып, аман-есен үйге оралдым. 100 жастан асу бұйырыпты. Бақыттымын. Былтыр Үкімет басшысы Әлхан Смайылов үйге келіп, өзі құттықтады. 101 жасқа келгенде де, туған күнім ұмыт қалмады. Еңбегімнің еленіп жатқанына не жетсін? Бүгін есік алдында концерт болды. Қатты ұнады. Мен өмірге ғашықпын. Ауру-сырқауға бой алдыруға болмайды. Сонда ғана ұзақ өмір сүресің, - дейді Валентина Волкодав.

Мен өмірге ғашықпын - соғыс ардагері Валентина Волкодав

Ардагер далаға шыға алмайды. Бөлме ішінде өзгенің демеуінсіз жүруге қауқарсыз. Соған қарамастан үйіне келген меймандардың барлығын қуана қарсы алды. Есте сақтау қабілеті жақсы сақталған.

«Аманат» партиясының өкілдері, облыс әкімі, еріктілер, дәрігерлер, әскерилер, ардагерлер кеңесі – барлығы келіп құттықтап жатыр. Филармония әртістері келіп, далада концерт қойып кетті. Әжем балконнан тамашалады. Өткенді есіне түсіріп, көзіне жас алды. Аздап шаршағаны болмаса, көңіл-күйі жақсы. Жергілікті мекемедер әжемнің мерекесін ешқашан ұмыт қалдырған емес. Әсіресе Халықаралық әйелдер күні, Қарттар күні сынды айтулы даталарда келіп тұрады. Әжем әлемде, елде не болып жатқынан біліп отырады. Жергілікті газеттерді сатып аламыз. Кейде мен келгенде әжем жаңалықтарды айтып, мені хабардар етіп отырады. Құлағы нашар еститіні болмаса, бәрін біледі», - дейді немересі Мария Недвиго.

Мен өмірге ғашықпын - соғыс ардагері Валентина Волкодав

Валентина Волкодав 1922 жылы Киев қаласында дүниеге келген. Сұрапыл соғыс жылдары қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген ол жеңіс қандай қиын жолмен келгені әрқашан есінде екенін айтады. Ардагер еңбегінің ешқашан ұмыт қалмайтыны қуантатынын жеткізді. Батыр әжей «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Беларусьті азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ II дәрежелі Отан соғысы ордені бар.

Мен өмірге ғашықпын - соғыс ардагері Валентина Волкодав
Өзгелердің жаңалығы