Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Мен негізі урологпын": Вице-министр виаграны мысалға келтірді

11 Қараша 2025, 14:11
562
Бөлісу:
 Астана қаласы жедел жәрдем станциясының сайты
Фото: Астана қаласы жедел жәрдем станциясының сайты

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкіметте өткен баспасөз брифингінде дженериктер мен түпнұсқа дәрілер туралы қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері онкологиялық аурумен ауыратын балалардың ата-аналарының өтінішін жеткізді. Ата-аналар 2026 жылы түпнұсқа препараттар қолжетімсіз болып қала ма деп алаңдаулы.

Ал вице-министрдің мәлімдеуінше, министрлік Қазақстанда заңды түрде тіркелген дәрі-дәрмектерді ғана сатып алады.

Бұдан кейінгі сатып алу тәсілдері сауда атауларын көрсетуді көздемейді. Дженерик (патенттік қорғау мерзімі аяқталған соң түпнұсқа дәрінің баламасы ретінде өндірілетін препарат - ред.) сапасы жағынан түпнұсқа препараттан нашар болуға тиіс емес, – деді ол.

Ол дженериктер түпнұсқа дәрілер сияқты толық тексеруден өтетінін атап өтіп, жеке тәжірибесінен мысал келтірді.

Мен бұрын уролог болып жұмыс істегенмін және осы мысалды жиі айтамын. Егер қателеспесем, Pfizer компаниясы 2009 немесе 2010 жылы өздерінің ең танымал препараттарының бірі – виаграның өндірісін тоқтатты. Патенттік құқықты АҚШ аумағынан бөлек сатты. Қазір бұл дәрі әлемнің түрлі елдерінде әртүрлі атаумен шығарылады. Бірақ ол дженерик ретінде ешкімде сұрақ туғызған жоқ. Бұл оң мысалдардың бірі бола алады, – деді вице-министр.

Еске салсақ, Қазақстанда өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің төмендемейтін қоры айтарлықтай көбейді.

Өзгелердің жаңалығы