Мен білім беруді зерттеуде, талдауда, жетілдіруде, қаржыландыруда, бақылауда сапа болғанын қалаймын - Олжас Құспеков

8 Тамыз 2022, 17:49
651
Бөлісу:
Мен білім беруді зерттеуде, талдауда, жетілдіруде, қаржыландыруда, бақылауда сапа болғанын қалаймын - Олжас Құспеков
Фото: aikyn.kz

Білім саласын да кәсіппен, яғни бизнеспен байланыстыруға болады. Ал оның басты талабының бірі – сапаға мән беру қажет. Бұл туралы «Білім беруді дамыту және зерттеу қауымдастығы» ҚБ президенті Олжас Құспеков айтып берді, де хабарлайды BAQ.KZ.

– Олжас Хайроллаұлы, әңгімеміздің басында білім беру ісін бастау қаншалықты оңай немесе қиын екенін айтып берсеңіз.

– Қазір білім беру саласында кәсіп ашуға жеңілірек жағдай жасалған. Бұл жекеменшік балабақшалардың, мектептердің, колледждердің ашылуы дер едім. Бұл орайда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасын да пайдалануға болады. Кәсіпкерлер бұған бизнес, үлкен пайда деп қарамай, керісінше, қандай әлеуметтік жауапкершілік барын түсінуі – басты шарт. Егер кәсіпкерлерде лицензиялаудың барлық талаптары болса, негізінен олар қиналмай бастай алады.

– Сіз өз бизнесіңізді бастағанда, командаңыз болды ма? Ең бірінші шаруаны неден бастадыңыз?

– Мен қай кезде де Астана қаласында жұмыс істедім. Өзім де осында оқыдым, еңбек жолым осында басталды, колледжде қарапайым оқытушы болып еңбек еттім. Білім министрлігінің ұйымдастыру бөліміне қарасты штатта жұмыс істедім. Басқа да мекемелерде қызмет атқардым. Осы тәжірибенің барлығы бизнесті құруға көп көмектесті, Біз қазірдің өзінде осы салада өзімізді судағы балық сияқты сезінеміз және қайда баратынымызды, не істейтінімзді жақсы білеміз. Сондықтан да біз 5-7 жылдың ішінде білім берудің нормативтік саласын либералдандырдық.

– Олжас Хайроллаұлы, онда осы саладағы жеке жетістіктеріңіз туралы айтып өтсеңіз.

– Нақты еңбегімізді бағалайтын алғыс хаттарым өте көп. Бірақ мен мұны жетістік деп санамаймын. Мен үшін ең үлкен жетістік – ТМД мен Орталық Азияда бірінші орын алуымыз. Біз алғаш рет тестілеуді цифрландыруға қол жеткіздік, яғни тестілеу жүйесіне толық компьютерлендіруді, жасанды интеллектті, кіре берістегі бет-әлпетті тану және пандемия кезінде температураны өлшеуді енгізе алдық.

Жасанды интеллект, тіпті мынадай жағдайда да әрекет етеді, мысалы, сыныптастары ҰБТ-ға бірге келе қалған жағдайда, құрылғы оларды бірге отырғызбайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау тұрғысынан компьютерлік тестілеу өте тиімді көмектеседі.

UStudy брендімен біз алғашқы бейнесабақтарды түсіре бастадық, содан кейін бұл жүйені енгізіп, мемлекеттік деңгейде жұмыс істеуді жөн көрдік.

– Еңбек жолыңызда кәсіп ашуға кедергі болатын жүйе болды ма? Жаңадан бастаушылар үшін кеңес болсын деп ұқсаңыз…

– Бизнесмендерді ынталандыру және оларды білім саласына тарту және сол арқылы мемлекеттің жұмысын жеңілдету мақсатында көптеген тиімді жобалар қолға алынып жатыр қазір. Сол себептен бұл салада нақты механизмде жұмыс істеп, жекеменшік мектептер ашудан қорықпау керек. Оны бастаудың құны 1 000 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін барады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы