Мемсыйлыққа ұсынылған туындылардың тізімі

4 Қыркүйек 2020, 23:05
2315
Бөлісу:
Мемсыйлыққа ұсынылған туындылардың тізімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынады:

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – «Абыз Әбіш. Әбіш Кекілбаевтың ойшылдығы туралы толғаныстар». (Маңғыстау облысының әкімдігі ұсынған).

Ақсұңқар Серік – «Көкейімде - Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы. («Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған).

Дәутаев Несіпбек Дәутайулы - «Кісі иесі» повестер мен әңгімелер жинағы. («Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған).

Есім Ғарифолла - «Ғұлама-наме» трилогиясы. («Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған).

Жолдасбеков Мырзатай - «Ұлы Дала әдебиеті» жинағы. («Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынған).

Қазғұлов Алпысбай - «Дала дүбірі» шығармашылық жұмыстар сериясы. («Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған).

Канапьянов Бахытжан Мусаханович - «Достояние души» өлеңдер жинағы. («Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Қазақ ПЕН клубы» қоғамдық бірлестігі ұсынған).

Мұқанова Роза Қажығалимовна - «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы. («Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынған).

Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлы - «Періштелердің өлімі» роман, әңгімелер жинағы. («Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған).

Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы - «Сәлем, саған туған ел» өлеңдер жинағы. (Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған).

Авторлар ұжымы: Елубаев Смағұл Абатович, Әбдірашов Рүстем Жарасқанович, Асенов Арман Турсунбаевич, Кемалов Қайрат Кемалович, Дайыров Еркебұлан Мұратович - «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы. («Қазақстан кинематографистер одағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған).

Комиссия аталған шығармаларды талқылауға шығармашылық және мәдениет ұжымдарын, осы сала мамандарын шақырады.

Пікірлеріңізді ағымдағы  жылдың 15 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға жолдауды сұраймыз: Z05K5K8 Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.Тел: 8 (7172) 74 04 75.

Өзгелердің жаңалығы