Мемқызметтерді мобильді қосымшаға көшіру жұмысы жалғасады

20 Ақпан 2023, 17:37
1150
Бөлісу:
Мемқызметтерді мобильді қосымшаға көшіру жұмысы жалғасады
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда министрлік 7 жобадан тұратын Digital Justice – цифрлық Әділет жобаларының портфелін іске асырып жатыр.

Қазіргі уақытта Министрліктің 53 мемлекеттік қызметінен egovMobile мобильді қосымшасында 28 мемлекеттік қызмет, 13 сервис және 5 цифрлық құжат қолжетімді. Мұнымен тоқтап қалмай, мемлекеттік қызметтерін мобильді қосымшаларға көшіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуына қарағанда  министрліктің бірқатар қызметі банк мобильді қосымшаларында қол жетімді.

Олар:

- Halyk Homebank арқылы некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу;
-Bereke Bank «B-Business» мобильді қосымшасы арқылы ЖШС тіркеу;

- Kaspi kz және Halyk Homebank арқылы баланың туу туралы куәлігін алу;

- Halyk Homebank арқылы заңды тұлғалар және жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер алу және т.б.

Молдабеков бұл бағытта жұмыстар жалғасатын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы