Бұл туралы Адвокатура академиясының директоры Альмира Шайхина мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, Конституциялық соттың, жалпы юрисдикция соттарының және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотының өзара іс-қимылы мен құзыреттерінің аражігін ажыратып алу қажет.
Бүгінде елімізде сот шешімдеріне наразылық білдіріп, мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне наразы адамдар көп. Сондықтан Президенттің конституциялық реформасының басты мақсаттарының бірі — азаматтардың мүдделерін қорғаудың құқықтық құралдарын күшейту. Осыған байланысты адамдар Конституциялық сотқа үлкен үміт артады. Қоғамның жаңа институттың қалай жұмыс істейтінін түсінуі мен өз құқықтарын заңды түрде қорғау мүмкіндіктерін белсенді пайдалануы маңызды, - деп атап өтті академия директоры елордада өтіп жатқан "Қазақстагда Конституциялық соттың енгізілуі — әділетті және құқықтық меилекет құрудағы маңызды қадам" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда.
Айта кетерлігі, Адвокатура академиясы Конституциялық сот конференциясының форматын мемлекеттік органдарға, адвокаттар мен заңгерлер қауымдастығына, жаңадан құрылған сот өкілдеріне практикалық жұмыстың нәтижелерін талқылау, зерттеу және мамандандырылған орган ретінде пайдалануды ұсынды. Бұл өз кезегінде Конституциялық соттың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізетін диалог алаңына айналпды деп отыр.
Еске сала кетейік, елде Конституциялық сот 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысына кіріседі. Конституциялық сотты құру бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтеріп, биыл 5 маусымда өткен бүкілхалықтық референдумдағы конституциялық реформаға енгізілді.
Тиісті заңға Президент 5 қарашада қол қойды.