Қазақстан мен Қырғызстан түрме қызметтері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

5 Шілде 2019, 16:44
2309
Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан түрме қызметтері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің Жазаларды орындау мемлекеттік қызметінің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесу Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан және Қырғыз республикалары, Россия Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан қатарлы мемлекеттердің жазаларды орындау қызметтерінің өкілдері қатысқан елдерінің пенитенциарлық қызметтері басшылары кеңесінің IV отырысы барысында жүзеге асты.

Тарихи кезеңдерден қалыптасқан дәстүрлі қарым-қатынасқа негізделген Қазақстан мен Қырғызстанның достығын әрі қарай дамыту әрі нығайту үшін ҚАЖ комитеті мен қырғыз елінің Жазаларды орындау мемлекеттік қызметтері өзара әріптестік орнату туралы екіжақты шешімге келді.

ҚАЖ комитетінің төрағасы Дархан Қанатбеков бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық түрлі салада дамуда, соның ішінде бұны қылмыстық-атқару жүйесі саласында да жетілдіру қолға алынғанын атап өтті. Меморандумның негізгі мақсаты Қазақстан және Қырғыз республикаларының өзара ынтымақтастықтарын одан әрі дамыту және нығайту бағытындағы ниетті білдіру, сотталғандармен жұмыс жасау барысында отандық пенитенциарлық жүйені халықаралық стандарттарға жақындатады.
Өзгелердің жаңалығы