Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекеттің ішіне іріткі салу оңай – сенатор

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
24 Сәуір 2025, 16:06
975
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

ҚХА XXXIV сессиясында Сенатор Алишер Сатвалдиев мемлекеттің ішіне іріткі салу оңай екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттің ішіне іріткі салу оңай. Біз осындай пікірлерді айтып жүреміз. Атқарылып жатқан жұмыстарды айтқан кезде олардың барлығының көзқарасытары өзгеретінін көреміз. Дүниежүзінде 200-ден астам мемлекет болатын болса әрқайсысының өз мүддесі бар. Ал мүдделер туған жерде ресурстарға талас болады. Ал ресурстарға талас үшін басқа елдің ішкі тұрақтылығын бұзады. Әскерін әлсіретеді деген сияқты ішкі келісімнің шырқын бұзады. Міне, осындай әрекетке, соның барлығына біз дайын болуымыз керек. Өйткені басқа елдерді көріп отырмыз. Бүгін бар елдер бір күннің ішінде, бір айдың ішінде, бір жылдың ішінде 3-4 кішігірім мемлекетке бөлініп жатқанын көріп жатырмыз. Осындай жағдайға келмеу үшін біз бүгінгі таңда бір болуымыз керек. Бірге күресуіміз керек. Бұл тек қана газет, журнал немесе телеарнада ғана емес, әрқайсымыз отбасында осындай жұмыстарды атқаруымыз керек, - дейді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы