Мемлекеттік жұмысқа келгелі шығармашылығым тоқтап қалды – Азамат Сатыбалды

31 Тамыз 2022, 13:22
2731
Бөлісу:
Мемлекеттік жұмысқа келгелі шығармашылығым тоқтап қалды – Азамат Сатыбалды

Мемлекеттік жұмысқа келгелі өнерім тоқтап қалды. «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды өз мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист актерден шығармашылық бағытқа бет бұрып кетуіңіз мүмкін бе, ректор ретінде оған қалай уақыт бөліп жүргенін сұрады.

Өнер адамының ішкі жан-дүниесін, қозғалысын оның сезімін тек өнер адамы түседі. Жұмыста барынша жағдайын жасап, бабын келтіруге тырысамын. Өзім телеарнада 10 жыл қызмет еттім, продюсер ретінде бірқатар жоба жасадым және кино туындыларына да көптеп түстім. Сондықтанда бұл саланы мен жақсы білемін, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте.

Өнер академиясының ректорының айтуынша, менеджемент саласында тәжірибесі болмаса да, жұмыс істеу оңайға түскен.  

Мен сырттан келген жоқпын. Өзім осы салада пісіп-жетілгеннен кейін ұстаздар, студенттермен емін-еркін сөйлесе аламын. Қазанның ішінде бірге қайнап жатқаннан кейін бұл сала маған ыңғайлы деп ойлаймын. Сол үшінде маған ректор қызметін ұсынған болар, - деді Азамат Сатыбалды.

Ол жылына бір рет еңбек демалысын алатынын және сол уақытта киноға түсіп үлгеретінін атап өтті.  

Әрине, кейде бір жобаларға шақырып жатқан кезде ішің ашиды. Мен жақында ғана үлкен бір жобадан бас тарттым. Өйткені оған үлгермеймін. Сценраийін оқып шықтым, қатты ұнады. Сол фильмде ойнағым-ақ келіп тұр, бірақ олай кетсем академиядағы жұмыстарым жайына қалады. Сол себепті мүмкіндігінше жылына бір жобаға түсіп жүрмін, - деді  «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры. 

Өзгелердің жаңалығы