Мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат берілмек

7 Қараша 2019, 14:38
2820
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат берілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов қазақстандық мемлекеттік қызметшілерге жұмыс кезінде смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты. 

Қаулы Үкіметте жатыр. Жақын уақытта ол туралы еститін боламыз. Барлық уәкілетті мемлекеттік органдар келіскеннен кейін Үкімет отырысына енгізіледі. Қаулы жобасы Үкіметке енгізілді және кезекті отырыстардың бірінде осы мәселе қаралады. Қарашада болады деп үміттеніп отырмыз. Барлық мемлекеттік қызметшіге смартфондарын ешқандай шектеусіз қайтару мәселесі көтеріліп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы осындай, - деді Оспанов Парламент Сенатының кулуарында. 
Айта кетсек, 2016 жылдың наурызынан бері мемлекеттік органдар ғимаратында мемлекеттік қызметшілерге смартфон, планшет, смарт-сағаттар пайдалануға тыйым салынды.

Бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің мобильді құрылғыларды қызметтік мақсатта белсенді пайдалануымен және қызметтік ақпаратты WhatsApp арқылы таратуымен байланысты қабылданды. Мемлекеттік қызметшілерге "қоңырау/жауап беру/хабарлама" функциясы бар, интернетпен, камерамен қамтылмаған ұялы телефондарды ғана қолдануға рұқсат берілді.
Өзгелердің жаңалығы