Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау күшейтіледі

25 Шілде 2019, 00:33
3136
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова ведомствоның кеңейтілген  кеңесінде айтты.

«Дамыған елдердің тәжірибесі  көрсеткендей, оңтайландырылған   әлеуметтік жеңілдік пакеттері мен кепілдіктері мемлекеттік қызметке жоғары санаттағы  мамандарды тартуға көмектеседі»,- деп атап өтті төрайым.

Анар Жайылғанова агенттікке тиесілі  аумақтық бөлімшелердің басшыларына жергілікті орындардағы мемлекеттік қызметшілерді қанағаттандыру деңгейіне талдау жүргізіп, бір айдың көлемінде аймақтардың  қажеттілігі мен  өтініштерін ескере  отырып, соңғы ұсынысты енгізуді тапсырды.

Мемлекеттік қызметшілерді қолдау мақсатында кешенді шараларды әзірлеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік.Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясында қарастырылған.  

Өзгелердің жаңалығы