Мемлекеттік ұйымдар өзара қазақша сөйлесуі керек – Үнзила Шапақ

7 Маусым 2024, 11:30
743
Бөлісу:
Мемлекеттік ұйымдар өзара қазақша сөйлесуі керек – Үнзила Шапақ
Фото: автордан

Бұл туралы MNU университетінде өткен дөңгелек үстелде Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституцияның 7-бабында мемлекеттік тіл қазақ тілі екені айтылды. Мәртебесі берілді. Мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілін ресми орыс тілімен қатар қолдануға болады деп жазылды. Мемлекеттік органдар өзара орысша сөйлес деген сөз емес, – деді ол.

Депутат сондай-ақ орыс тіліне ресми тіл деген мәртебе еш жерде берілмегенін айтты.

Ресми тілде сөйлеуге болады деді. Жазысуға болады. Егер азаматтар жүгінетін болса. Ал мемлекеттік органдар, мемлекеттік ұйымдар өзара қарым-қатынас жасағанда тек қана қазақ тілінде болуы керек еді, – деді Үнзила Шапақ.

Ол сол кезде мемлекеттік органда жұмыс істеген адамдар Конституцияның 7-бабының аясын кеңейтіп жібергенін айтты.

Айта кетейік, дөңгелек үстел Алмас Жұмағалидің “Қылмыс заңдарының эволюциясы: 1922 жылғы қылмыс заңы” атты еңбегіне арналған. 

Бұл еңбек Алашорда заңгерлері Сейдәзім Кәдірбайұлының Қазақ АСР-ының, Жаһанша Досмұхамедұлының Түркістан АСР-ының тапсырысымен ресми жарияланған Қылмыс заңдарын төте жазудан аударуға, оның қазіргі заң ғылымына қосар үлесі жайлы талдауға арналған.

Өзгелердің жаңалығы