Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 қазанда Алматының көші-қон қызметінің қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады
Олар ҚР ҚК-нің 392-бабында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) көзделген қылмысты жасаған, – делінген хабарламада.
Полицейлер қалаға келген шетелдіктер хостелге орналасқанын анықтады.
Пәкістан азаматтарының алдағы жоспары мен қылмыстың себептері тергеу барысында белгілі болмақ.