Мемлекеттік шекарадағы тексеріс қалай жүргізіледі?

20 Сәуір 2023, 12:51
1696
Бөлісу:
Мемлекеттік шекарадағы тексеріс қалай жүргізіледі?
Фото: uralsknews.kz

Мемлекеттік шекарада адамдар мен көліктер қалай тексерілетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов мәлімдеді.

Айтуынша, шекара бекетінде адамдар мен көліктерді тексерудің арнайы нормативі бар.

Кез келген автокөлік бекетінде адамды тексеруге 3 минут уақыт беріледі. Ал жеңіл автокөлікті тексеруге 15 минутқа дейін, жүк көлігін тексеруге – 30 минут және жолаушылары көп автобусты тексеруге 45 минут уақыт бар, - деп атап өтті Ерлан Алдажұманов Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сондай-ақ нормативте уақыт барынша қысқартылған деп отыр.

Заңнаманы бұзбас үшін бір адамға 1 минут уақыт кетеді. Ақпараттық жүйе адамның жеке деректерін өңдейді. Осы нормативті ұстану қажет. Егер жеңіл автокөлікті 10-15 минут тексерсек, егер көліктен қандай да бір тыйым салынған заттар анықталса, көлікті одан әрі дұрыстап тексеру үшін қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей шеткері жерге қойылады, - деп түсіндірді Шекара қызметінің директоры.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның мемлекеттік шекарасының 16 пайызы ғана арнайы техникалық күзет құралдарымен күзетіледі.

Өзгелердің жаңалығы