Төтенше жағдай: мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі қолданылады - Смайлов

17 Наурыз 2020, 11:49
1130
Бөлісу:
Төтенше жағдай: мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі қолданылады - Смайлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дағдарыс жағдайы кезеңінде мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі қолданылады.

Біріншіден, бұл кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін тауарлар мен оларды өндірушілердің тізбесін айқындайды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов онлайн-брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, мұндай тауарларды мемлекеттік сатып алу жедел, жеңілдетілген түрінде және тек отандық өндірушілер арасында  жүзеге асырылады. Бұл шара жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдап қана қоймайды, жаңа өндірістерді ашуға да ынталандыратын көрінеді. 

Екіншіден, дағдарыс жағдайында Үкіметке өте тез әрекет ету қажет. Мәселен, бетперде немесе қорғау құралдарын шұғыл сатып алу, аурхана салу және тағы басқа. Бұл ретте конкурстық рәсімдер 60 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты жұмыс тобына бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу үшін таураларды, көрсетілетін жұмыстарды және жекелеген өнім берушілерді айқындау бойынша өкілеттіліктер беріледі. Бұл ретте ірі және маңызды сатып алулар ҚР-ның президентімен келісіледі. Барлық қлаған мемлекеттік сатып алу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады,-деді ол.
Өзгелердің жаңалығы