Алматы, baq.kz. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның мемлекеттік сатып алу порталы ақылы болады. Бұл туралы Altaynews.kz порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Мұндай жаңа ереже «ҚР мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік сыңайлы сала сатып алушыларының субъектілері жөніндегі кейбір заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» Заңында қарастырылған.Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу сайтына рұқсат алу үшін әлеуетті тапсырыс алушы қажетті келісімшарт пен төлем жасауы қажет.
Клиенттер портал қызметі үшін төлемді жылына бір рет жасайды, ол өтінімнің жоғарғы құнымен немесе жасалған келісімен анықталады.