Астана қаласының соттары 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алты ай ішінде бірінші сатыдағы соттарға азаматтық істер бойынша 35 438 талап-арыз түсті. 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 25 763 болған.
Жалпы 31 523 азаматтық іс қаралып аяқталды. Оның 19 316-сы бойынша шешім шығарылды. Өткен жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 27 785 және 15 842 іс болған.
Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сатыға 3 544 шағым түсті. Былтыр дәл осы кезеңде олардың саны 2 987 болған. Барлығы 3 381 іс қаралды.
Қандай әкімшілік даулар көбейді?
Әкімшілік әділет соттарына жарты жылда 3 348 талап-арыз түсті. 2025 жылдың осы кезеңінде олардың саны 2 533 болған.
Түскен талап-арыздар саны 33,6%-ға, ал қаралып аяқталған істер саны 32,1%-ға артты.
Жалпы 3 060 әкімшілік іс қаралып, оның 912-сі бойынша шешім шығарылды.
Ең көп өсім сот орындаушыларының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты талап-арыздарда тіркелді – олардың саны 200-ге артқан.
Сондай-ақ:
- мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар – 74-ке;
- зейнетақы даулары – 68-ге;
- тұрғын үй даулары – 49-ға көбейген.
Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына 552 шағым түсті. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 468 болған. Жалпы 531 іс қаралды.
Қылмыстық істер де көбейген
Қылмыстық істер бойынша бірінші сатыдағы соттарға 1 795 іс түсті. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың саны 1 689 болған.
Барлығы 1 701 іс қаралып аяқталып, 1 492 іс бойынша үкім шығарылды. Өткен жылы соттар 1 667 істі қарап, 1 429 үкім шығарған.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына 511 іс бойынша шағым берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 332 болған. Оның ішінде 465 іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа 23 268 іс түсті. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 28 005 болған. Жалпы 22 808 іс қаралып аяқталды.