Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекеттік сатып алу реформасы: отандық өндірушілермен келісімшарттар 23%-ға өсті

Бүгiн, 08:40
191
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау аясында 2025 жылдан бастап жаңа заң күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілдің айтуынша, қабылданған шаралар рәсімдерді жеделдетіп, ашықтықты арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтты.

Реформаның негізгі жаңалығы – шешімдер адам қатысуынсыз қабылданатын рейтингтік-балдық жүйе. Бұрын 60 күнге созылған конкурстар енді орта есеппен 5 күнде аяқталады. Бұл жүйе өңірлерде де тиімділігін көрсетті: Ақмола және Ұлытау облыстарында ірі құрылыс жобалары қысқа мерзімде жергілікті компанияларға берілді.

Жаңа заң отандық өндірушілерге бірқатар жеңілдік ұсынды: аванс төлеу, банктік кепілдіктен босату, төлем мерзімін қысқарту және айыппұл санкцияларын азайту. Соның нәтижесінде 2025 жылы қазақстандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар көлемі 23%-ға өсіп, 460 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар сенімсіз жеткізушілерге автоматты санкциялар енгізіліп, қоғамдық мониторинг пен бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды. Бұл шағымдар санын 23%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы