Мемлекеттік қызметте таныссыз өсу мүмкін бе?

22 Тамыз 2022, 11:46
3179
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметте таныссыз өсу мүмкін бе?

Бұл сұраққа ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл «Жаңа формация басшысы» саяси мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының кулуарында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл қоғамда көп айтылатын дүние. Оны жоққа шығаруға да болмайды. Бірақ бұл кеңінен таралған таптаурын деу жаңсақ пікір деп есептеймін. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке тұру және одан кетуде қағазбастылықтан арылту  бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде мемлекеттік қызметке кіруде іріктеу үрдісін қайта қарау, ашықтық процесіне көңіл бөлу, заңды білуден гөрі сапаға назар аудару, адами және кәсіби құзыреттілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінбек, - деді Ерлан Әбіл. 

Ол атағандай, меритократия қағидаларын кеңінен  қолдану бағытын Агенттік қарастырып жатыр. 

Ал танысым жоқ, біреу көмектеседі деген түсініктен арылту керек. Кәсіби негізде, адами құндылықтары бар, мемлекетшіл, көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ашық, жаңаға бейім азаматтарды мемлекеттік қызметке тарту міндеті тұр,- деді ол. 

Оның айтуынша, бұл курс мемлекеттік қызметшілердің жалақысына әсер етпейді. 

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақылары арнайы кестемен бекітілген. Оның тәртібі бар. Бұл курсты толық өткен қызметкерлер бойынша Президент Әкімшілігіне есеп беріледі. Курстан өткендер ұлттық жобаларға өз ұсынытарын береді, - деді Ерлан Әбіл. 

Өзгелердің жаңалығы