Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

23 Маусым 2022, 14:44
1677
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Департамент бастығы полковник Руслан Қасыбаев құттықтау сөзінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілер аттестатталған құраммен бірге біздің мемлекеттік органның алдына қойылған міндеттерді  тең орындап, қаламыздың аумағында төтенше жағдайларды  алдын алу және жою ісіне үлкен үлес қосады деп атап өтті.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және жетілдіруге қосқан үлесі, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін бірқатар мемлекеттік қызметкерлер департамент бастығы атынан марапатталды.

Одан әрі мемлекеттік қызметке алғаш рет келген мамандардың ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Олар Қазақстан халқына адал және кәсіби қызмет етуге ант берді.

Бүгінгі күні Департаментте 40-тан астам әкімшілік мемлекеттік қызметші жұмыс істейді

Өзгелердің жаңалығы