Мемлекеттік қызметшілер БАӘ мен еліміз арасындағы үкіметаралық бағдарлама аясында білім алуда

16 Мамыр 2024, 18:44
1889
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметшілер БАӘ мен еліміз арасындағы  үкіметаралық бағдарлама аясында білім алуда
PHOTO
Фото: Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық аясында «Government Accelerators» және «Сapacity Building» саласында мемлекеттік басқаруды трансформациялау бағытында озық тәжірибе алмасу бойынша «Kazakhstan Executive Leadership 2024» бағдарламасының оқуы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыту онлайн және офлайн форматтарды қамтиды. Негізгі офлайн шаралардың бірі – БАӘ Министрлер кабинеті министрінің бәсекеге қабілеттілік және тәжірибе алмасу жөніндегі орынбасары Абдулла Нассер Лута, сондай-ақ Mohammed bin Rashid Government мектебінің профессорлары бастаған БАӘ делегациясының сапары.

Мемлекеттік қызметшілер БАӘ мен еліміз арасындағы  үкіметаралық бағдарлама аясында білім алуда

Оқытудың басты мақсаты – білікті көшбасшыларды даярлау арқылы қоғамның тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету. БАӘ министрлер кабинеті министрінің орынбасары Абдулла Нассер Лута болашақта ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті.

Бүгінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени, экономикалық байланыс нығайып жатыр. Тек ол ғана емес, міне, бүгін мемлекеттік қызметкерлер тәжірибе алмасуда. Ол дегеніміз біз үшін де үлкен мәртебе. Алдағы уақытта ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайынбыз, – деді ол.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, мемлекеттік қызметшілер оқу барысында өз жобаларын ұсынады.

Мемлекеттік қызметшілер БАӘ мен еліміз арасындағы  үкіметаралық бағдарлама аясында білім алуда

Оқуға орталық мемлекеттік органның вице-министрлері, департамент басшылары, Академияның өкілдері қатысып жатыр. Жалпы қатысушылар саны – 33, олар бірнеше топқа бөлінді. Сол топ бойынша өздерінің жобаларын іске асырып жатыр, БАӘ-ден келген мамандармен талқылай отырып, сол жобаларын ортаға ұсынатын болады. Біріккен Араб Әмірлігі – креативті индустрия, технологияны дамыту бойынша ресурстардың аздығына қарамастан өркендеу қарқыны өте жоғары ел. Олардың тәжірбиесіне сүйеніп, дамып келе жатқан мемлекеттер саны артып келеді. Екі ел бірлесе мемлекеттік қызметкерлерді даярлауда бірнеше бағдарлама ұсынамыз. Оның ішінде саяси мемлекеттік қызметкерлерге стратегиялық жоспарлауды, стратегиялық ойлауды үйрету және көшбасшылық бағдарламалары бар, – деді ректор.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бүгін Ұлттық акселератордың іске қосылатынын жариялады.

Мемлекеттік қызметшілер БАӘ мен еліміз арасындағы  үкіметаралық бағдарлама аясында білім алуда

Өзекті проблемалық мәселелерді шешудің 100 күнінде БАӘ-нің жеделдету тәжірибесін зерделей отырып, осы тетікті Ұлттық жобалық кеңседе іске қосуды жөн көрдік. Мемлекеттік органдармен бірлесіп акселерациялау тақырыптары анықталды. Маңызды бағыттардың бірі – Capacity Building (әлеуетті арттыру), оның шеңберінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, Мұхаммед бен Рашид мемлекеттік басқару мектебінің Executive Leadership Program бойынша Мемлекеттік органдардың басшыларын оқытамыз. Яғни, БАӘ-не цифрлық вице-министрлерімізді оқытуға жібереміз, олар жасанды интеллектті қолдана отырып, түрлі салалардағы мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілдері мен әдістеріне оқытылатын болады, – деп атап өтті министр.

«Kazakhstan Executive Leadership Program 2024» оқыту бағдарламасына қатысушы Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова жобаның көшбасшылар үшін маңыздылығын атап өтті.

Біріккен Араб Әмірлігі 100 күндікпен жұмыс істейді. Жобаның ұстаздары – Араб Әмірлігінің 50-100 жылдық стратегиялық құжаттарын жазған авторлар. Олардың қойған талаптары, көрсетіп жатқан тәжірбиелері бізге өте қызық. Қазақстанның көшбасшылары осы тренингке қатысып, сол озық тәжірибені меңгеруі керек, – деді қатысушы.

Өзгелердің жаңалығы