Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру қарқынды жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау рәсімін оңайлату, азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметке іріктеудің автоматтандырылған алгоритмін әзірленген.
Мемлекеттік қызметке іріктеу цифрландыру – «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту арқылы жүзеге аспақ. Конкурстық рәсімнің барлық кезеңдері онлайн түрде қашықтықтан өткізіледі. Енді азаматтарымыз әлемнің кез келген нүктесінен және қалаған уақытында конкурсқа қатыса алады. Мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде иесіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету үшін ID-нөмір беріледі. «Адами фактордың» ықпалын болдырмау үшін конкурс рәсімнің ашықтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді. Осылайша, жаңа іріктеу форматына сәйкес конкурстың қорытындылары ақпараттық жүйемен дербес шығарылады, - деп атап өтті агенттік басшысының орынбасары.
Сонымен қатар ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекет басшысының Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру жөніндегі бастамасы табысты іске асырып жатқанын алға тартты.
Бүгінгі күні резервке қабылданған 350 резервшінің мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының әртүрлі лауазымдарына 262-і немесе 75% тағайындалды. Оның ішінде: орталық мемлекеттік органдарға – 131 резервші; жергілікті атқарушы органдарға – 41; ұлттық компанияларға – 54; өзге де ұйымдарға – 36. Оның ішінде 28 резервші саяси лауазымдарға тағайындалды; «А» корпусының лауазымдары – 8, - деді Азамат Жолманов.