Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматы: Алматыда AI-ХҚКО ашылды

Алматыда жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жаңа AI-ХҚКО ашылды.

24 Қараша 2026, 17:19
АВТОР
 Тимур Құлыбаев Halyk қайырымдылық қоры 24 Қараша 2026, 17:19
24 Қараша 2026, 17:19
95
Фото: Тимур Құлыбаев Halyk қайырымдылық қоры

Алматыда тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді цифрлық сервистер мен жасанды интеллект көмегімен алуға мүмкіндік беретін жаңа үлгідегі AI-ХҚКО ашылды. Өзін-өзі қызмет көрсетуге арналған орталық азаматтардың уақытын үнемдеп, күнделікті мәселелерін жылдам шешуге және цифрлық технологияларды меңгеруге жағдай жасайды.

Жоба Halyk қоры мен Halyk Bank қолдауымен жүзеге асырылды.

Тимур Құлыбаев Halyk қайырымдылық қоры

Жаңа орталықта экспресс-қызмет көрсету, цифрлық сервистерді пайдалану, кеңес алу, оқыту және демалыс аймақтары қарастырылған. Сондай-ақ мұнда жеке куәлік пен паспорт рәсімдеуге өтінішті өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалы орнатылған. Оның көмегімен қажетті рәсімдерді бірнеше минут ішінде орындауға болады.

Тимур Құлыбаев Halyk қайырымдылық қоры

Орталық жұмысы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделгенімен, келушілер мамандардың көмегін ала алады. Қызметкерлер цифрлық сервистерді пайдалануды түсіндіріп, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша кеңес береді.

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Арнайы жабдықталған оқу аймақтарында азаматтар электрондық үкімет порталын және өзге де цифрлық құралдарды пайдалануды тегін үйрене алады. Оқу сабақтары сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.

Тимур Құлыбаев Halyk қайырымдылық қоры

Halyk қорының бас директоры Сағынбек Шункеевтің айтуынша, Президент жасанды интеллектіні мемлекеттік қызмет көрсету саласына енгізуді Қазақстанның цифрлық дамуындағы басым бағыттардың бірі ретінде айқындаған. Алматыдағы AI-ХҚКО – осы бағыттағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің бір мысалы.

Halyk қоры "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жобасын қолдауға қуанышты. Halyk Bank-пен бірлесіп орталықты жөндеу мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 150 млн теңге бөлдік. Мұның бәрі алматылықтардың мемлекеттік қызметтерді алуын жеңілдетуге бағытталған, – деді ол.

Тимур Құлыбаев Halyk қайырымдылық қоры

Ал Halyk GR бағытының жетекшісі Дамир Иралимов банк үшін жобаның серіктесі болып, Алматының цифрлық инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу маңызды екенін атап өтті.

Оның сөзінше, цифрландырудың тиімділігі енгізілген технологиялардың санымен емес, азаматтардың өмірін қаншалықты жеңілдеткенімен өлшенуі керек. Банк мемлекеттік және қаржылық қызметтерді азаматтарға қолжетімді ету үшін цифрлық арналарды дамытуға инвестиция салып келеді.

Тимур Құлыбаев Halyk қайырымдылық қоры

Бүгінде Halyk Bank 11 млн-нан астам клиентке қызмет көрсетеді. Ал мобильді қосымшаны ай сайын шамамен 8,6 млн адам пайдаланады. Halyk қосымшасында анықтамалар мен цифрлық құжаттарды алудан бастап, бизнесті тіркеу, салық төлеу және медициналық қызметтерді пайдалануға дейінгі 84-тен астам мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Тимур Құлыбаев Halyk қайырымдылық қоры

Банк өкілінің айтуынша, бұл көрсеткіштер азаматтардың уақытын үнемдеуге, кезектерді азайтуға және күнделікті мәселелерді бірнеше минут ішінде шешуге мүмкіндік береді.

Алматыдағы жаңа цифрлық орталық қала әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қолдауымен ашылды.

Тимур Құлыбаев Halyk қайырымдылық қоры
Наверх