Қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік органдардың бір жылда үнемдеген қаржысы қайда кететінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Қазынашылық атынан Қаржы министрлігі сыйақы үшін шоттарға ақша аударуға тыйым салған. Егер мемлекеттік органдардың үнемделген қаражаттары болса, бұл ақшаны сыйақыға аудара алмайды. Ол ақша бюджетке қайтарылады, - деп айтты ведомство басшысы.
Тәкиевтің сөзінше, мемлекеттік қызметшілер басқа көздерден сыйақы ала алмайды.
Ешқандай сыйақы болмайды. Біз ақшаны бонусқа жіберуге болатын 112 кодын жаптық, - деп түсіндірді Қаржы министрі Мәжіліс кулуарында.