Мемлекеттік нөмірсіз жүрген жүргізушілер ұсталды

20 Қыркүйек 2020, 19:55
1662
Бөлісу:
Мемлекеттік нөмірсіз жүрген жүргізушілер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда мемлекеттік нөмірсіз жүретін жүргізушілердің саны көбейіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, бүгінде алматылық жүргізушілердің көбі мемлекеттік нөмірсіз жүруді әдетке айналдырған. 

Бірнеше адамнан құралған жүргізушілер жарыс ұйымдастырып, жол жүру ережелерін бұзады. Осылайша тұрғындарға да кедергі келтіреді. Ең бастысы жолдағы жүргізушілердің өміріне қауіп төндіреді, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, өткен тәулікте мемлекеттік нөмірсіз жүрген 50-ден аса жүргізуші ұсталған. Олардың көліктері арнайы айыппұл тұрағына жеткізілген.

Өзгелердің жаңалығы