Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекеттік мереке: Енді 1 маусымда демалыс беріле ме?

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
20 Маусым 2025, 16:27
697
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжіліс депутаты Сейітжан Кенжеғұл 1 маусымды мемлекеттік мереке етуді ұсынып, Үкіметке сауал жолдаған болатын. Бұл мәселеге қатысты ведомство ресми пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, қазіргі тәжірибе бойынша демалыс күндерін ауыстыру туралы шешім тек 2 апта немесе 1,5 ай бұрын қабылданады. Бұл кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне өндірістік және операциялық жоспарларын алдын ала құруға кедергі келтіреді. Сонымен қатар, азаматтар өз демалысын ерте жоспарлай алмай отыр.

Сейітжан Кенжеғұл сонымен қатар 1 маусымды — Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мерекелер тізбесіне ресми түрде енгізу бастамасын көтерді. Оның пікірінше, бұл күнді ресми мереке ретінде бекіту балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына назар аударуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және елдің әлеуметтік-бағдарлы имиджін арттыруға ықпал етеді.

Депутат Үкіметтен осы ұсыныстар бойынша ресми ұстанымын білдіруді сұрады.

Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова өз жауабын жолдап, осы ұсыныстар министрліктің құзыреті шегінде қаралғанын жеткізді. Алайда бұл Үкіметтің шоғырландырылған ұстанымы емес екені атап өтілді.

Жаңа мемлекеттік мерекелерді белгілеу Үкімет деңгейінде ведомствоаралық қарауды және мақұлдауды талап етеді. Қазіргі таңда ұқсас мазмұндағы депутаттық сауал Үкіметте қаралып жатыр. Көтерілген мәселе белгіленген тәртіппен қаралып, кейін түпкілікті шешім қабылданады, – делінген министрлік жауабында.

Өзгелердің жаңалығы