Мемлекеттік мектеп пен колледжді жеке меншікке беруге тыйым салынбақ

30 Қараша 2023, 11:48
567
Бөлісу:
Мемлекеттік мектеп пен колледжді жеке меншікке беруге тыйым салынбақ
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Заң жобасында мемлекеттік меншіктегі мектеп пен колледждерді жекеменшікке беруге тыйым салатын норма бар. Бұл өте маңызды норма. Сәйкесінше, енді барлық мемлекеттік білім беру мекемесі жекешелендіруге жатпайды, - деді Аймағамбетов.

Оның сөзінше, еңбек нарығы жылдам өзгеріп, жаңа практикалық дағдылырды қажет етіп отыр.

Біздің колледждер мен университеттер оқуды аяқтаған студенттерге диплом мен әр пән бойынша бағалары көрсетілген қосымша ақпаратты береді. Бірақ ол бүгінгі таңда жеткіліксіз ақпарат. Осыған орай қазір берілетін диплом мен транскриптке қоса, арнайы оқу барысында игерген нақты құзыреттіліктері мен дағдылары туралы ақпарат беретін құжат беру құзыреттілігі де жобада қарастырылып отыр, - деп айтты депутат.

Өзгелердің жаңалығы