Мемлекеттік марапат халықтың алғысы деп түсінген жөн - Тоқаев

24 Қазан 2023, 12:22
628
Бөлісу:
Мемлекеттік марапат халықтың алғысы деп түсінген жөн - Тоқаев
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ

Мемлекет еліміздің ғылым саласын дамытуға, ғалымдарымыздың жетістіктері мен еңбегін бағалауға айрықша мән береді. Биыл әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының ғалымдар ұжымына берілді. Орталық атом-энергетикасы саласында теңдессіз зерттеулер жүргізіп, әлемдік деңгейдегі озық әзірлемелер жасады, - деді ол.

Мемлекет басшысы мемлекеттік марапатты, ең алдымен, халықтың алғысы деп түсінген жөн екенін айтты.

Қауіп-қатерден қаймықпай, өзгенің өмірін құтқару – нағыз ерлік. Мұндай адамдар шынайы құрметке лайық. Бүгін осындай бірнеше азаматты марапаттаймын. Жалпы еліміздің дамуына әр аймақтың тұрғындары, әр саланың мамандары зор үлес қосып жүр. Біз оларға әрдайым құрмет көрсетеміз. Мемлекеттік марапатты, ең алдымен, халықтың алғысы деп түсінген жөн. Шын мәнінде, туған елдің ықыласынан артық ештеңе жоқ. Ендеше жұрттың ризашылығын алып, табысты еңбек ете беріңіздер! Қастерлі Отанымыз өркендей берсін! Республика күні құтты болсын!, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы